Бүгін аудандық Мәдениет үйінің ғимаратында бос орындар жәрмеңкесі өтіп, оның барысында 20-дан астам ірі кәсіпорын өкілдері жұмыс іздеушілерге қажетті қызмет орындарын ұсынды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Шараға аудан тұрғындары, аудандық Жастар ресурстық орталығының белсенді жастары мен аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар, жалпы 300-ге жуық адам қатысты.
Оның барысында аудан аумағында орналасқан «RG Brands Kazakhstan» (RGBK), «Эфес Казахстан», «Kagazy Recycling», «ISKER Company», «Азия Агро Фуд», «Хамле Компани LTD», «Алсад Казахстан», «Маолин» ЖШС сияқты 20 жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекемелерден 400-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Әсіресе, бухгалтер, механик, техниктер, өндірістік желі операторлары, токарлар, автотиегіш машинаның жүргізушілері, тігіншлер, инженер-электроншылар, сантехник сияқты мамандықтарына сұраныстар болды.
Жұмыспен қамту бөлімі мен Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен шара қорытындысы бойынша 300 жұмыс іздеушілердің 204-і жұмысқа жолдама алды. Оның 40-ы жас мамандар.