Қысқы универсиада ойындары 2021 жылдың қаңтарынан желтоқсан айына ауыстырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жайында ақпаратты Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш спорттық доданы Швейцарияның Люцерн қаласында алдағы жылдың 21-31қаңтарында өткізу жоспарланған болатын. Әлемдік пандемияға байланысты кейінге шегеріліп отыр. Ендігі кезекте универсиада өтетін нақты мерзім анықталды. Ол 2021 жылдың 11 және 21 желтоқсан күндеріне белгіленді.
Универсиада ойындары 1959 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2017 жылы қысқы универсиада Қазақстанның Алматы қаласында ұйымдастырылды.