17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ересектер арасындағы шахматтағы Қазақстанның алғашқы алтыны.
ӘЧ Варшавада (Польша) өтіп жатыр, онда 28 желтоқсанда Асаубаева жылдам (рапид) шахматтан екінші орын алды — шешуші партияларда Бибісара грузиялық тәжірибелі шахматшы Нану Дзагнидзені, өз отандасы Әсел
Серікбайды жеңіп, халықаралық гроссмейстер Александра Костенюкпен тең ойнады.