Кітапханадағы конференция

0
2275

Бұдан жиырма жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 31 мамырды саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске  алу күні деп бекіткені белгілі. Содан бері тарихымыздың осы ауыр  кезеңі туралы ащы шындықты біліп, терең түсініп, кеңінен ой түйіп келеміз.

Бүгін аудандық орталық кітапханада «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты әдеби-танымдық конференция өткізілді. Онда сөйлеген ҚР Білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, ҚР Білім беру ісінің  үздігі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ақлима Көсемова, экономика ғылымының докторы, профессор, С.Жандосов атындағы кәсіптік-техникалық колледждің директоры Алғатбек Балғабек Қыдырбекұлы,  аудандық «Қазақ тілі» қоғамының хатшысы Сәуле Бегалықызы сөйлеп, сол бір нәубет жайында кеңінен айтты, қатысып отырған жастарды тарихты  білуге, халқының өткенін құрметтеуге шақырды. «Аяжан» колледжі және С.Жандосов атындағы колледждің студенттері патриоттық әндер айтып, өлеңдер оқыды.

Конференцияны кітапхананың директоры Ұлдархан Өтеева қорытындылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь