Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік берілмек

Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік берілмек

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы ҚР заңының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы  «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

– Заң жобасы мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру мақсатында әзірленіп, министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бұл жобада 55 заңнамалық актіге, оның ішінде 5 кодекске, 50 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр, –  деді отырыста Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Ал, заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шаимованың айтуынша, Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік беріліп, министрліктер арасында 2 функция қайта бөлінеді. Орталықсыздандыру жалғасады. Орталықтан өңірлерге 3 функция беріледі.

Облыстық деңгейден ауданға жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу жөніндегі өкілеттік беріледі. «Өкілеттіктерді қайта бөлу не береді?» дегенге тоқталсақ, ең алдымен Үкімет салалардағы саясатты қалыптастыруға баса назар аударатын болады. Мемлекеттік органдардың қабылданған шешімдер үшін дербестігі мен жауапкершілік деңгейі артады. Сондай-ақ, оларды қабылдау жеделдетіледі.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях