Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі қандай?

Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі қандай?

Қазіргі таңда әкенің қоғамдағы рөлі қандай? Бала тәрбиесіне қаншалықты әке араласады? Мектеп өмірімен әкелер таныс па? Осы және өзгеде сауалдар аясында бүгін Әйтей ауылындағы Қосынов мектебінде әкелерге арналған семинар өтті, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымы.

Заман ағымына қарай отағасының балаларына деген көзқарасы сиреп, өскелең ұрпақтың ержетуіне, балалардың сабаққа деген үлгерімі, олардың араласатын ортасы жайлы, сабақтан тыс уақытта немен айналысып жатқанымен қазіргі ата-ана бей-жәй қарап келе жатқаны жасырын емес. Кей кездері балалардың мектептегі оқу үлгерімі мен нашар оқитын оқушылардың жәй-күйін ата-аналарға жеткізу үшін өткізілетін жиналыстарға шақыратыны да баршылық. Онда да көптеген ата-аналардың жұмысбасты болуына байланысты кейде оқушының әкесінен гөрі анасының жиі келетіні кездейсоқ емес. Соған байланысты бүгін аталған семинар әкелерді мектеп өмірімен таныстыру үшін ұйымдастырылған болатын.

Алдымен жиынды Қосынов мектебінің директоры Дәурен Саусақбаев ашып, семинардың мақсаты мен міндетін түсіндірді. Тағылымы мол басқосуға Шамалған ауылындағы «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Наржанов, Қарасай аудандық Полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПТ УПИ, полиция аға лейтенанты Данияр Ахаев, кәсіпкер, блогер Қуаныш Шаханов қатысып, аталған тақырып төңірегінде әңгіме қозғады. Сонымен қатар, жиын барысында оқушылар бір қатары «Алаш рухын ұлықтаған жастар» тақырыбында қойылымды көпшілік назарына ұсынса, ал, екіншілері автоматты бірнеше секундта жинап, шашып өз жетістіктерін  көрсетті.

Жасыратыны жоқ кей әкелердің ішінде мектепке бірінші рет келіп жатқандары да бар. Сондықтан оларға мектеп ішіне экскурсия жасалып, сыныптардың жабдықтаулуымен таныстырылды. Әрмен қарай  әкелер арасында шахмат, баскетбол, волейбол және тағы басқа спорт түрінен жарыстар өтті.Осы ретті белсенділік танытып, озып шыққан ата-аналарға мектеп директорының атынан  Алғыс хаттар және сыйлықтар табыс етілді. Жиын соңында үлкен залда семинарды қорытындылап, ата-аналар тарапынан туындаған ұсыныстар мен талдауларға кезек берілді.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях