КЕЛЕШЕККЕ – КЕМЕЛ БІЛІММЕН

КЕЛЕШЕККЕ – КЕМЕЛ БІЛІММЕН

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Тамыз кеңесінің биылғы тақырыбы «Keleshekke – kemel bilimmen» деп аталып, конференция барысында ауданымыздың білім және ғылым саласына қатысты түйіткілді мәселелер қозғалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Кеше аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы қатысқан педагогикалық кеңесте білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар айтылып, жоспар-міндеттердің легі ортаға салынды. Жиын алдында аудан басшысы алдымен Мәдениет үйінің фойесінде ауданның білім саласында жеткен жетістіктері көрсетілген көрмені тамашалап, кейін алқалы басқосуға қатысты. Ал, педагогикалық Тамыз кеңесін модератор ретінде аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева жүргізіп отырды. Сондай-ақ, білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі жиынына қала және ауылдық округ әкімдері, мекеме ұйымдары, мектеп директорлары мен ұстаздар, қамқоршылық кеңес мүшелері, одан бөлек, қонақ ретінде республикаға, облысқа, ауданға еңбегі сіңген ардагер ұстаздар қатысып отырды.

Тамыз кеңесінде алғаш сөз кезегін алған аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрғалымов өткен жылғы білім саласындағы жұмыстардың ретін толық баяндап, жеткен жетістіктерді де жіпке тізіп айтты. Айтылған мәселелердің арасында әрине, оңды шешімін тапқандардың да бірқатарын сөз етті.

– Бірнеше жылдан бері маңызды мәселелердің бірі болып келген ол – Әйтей ауылындағы Қосынов мектебінің апаттық жағдайға түсу қаупінің алдын алу болатын. Осы мақсатта жаңа мектеп құрылысын жүргізу үшін жер телімі қарастырылып, Әйтей ауылына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  негізінде  1200 орындық  мектеп құрылысы жүргізіліп, биыл қолданысқа беру жоспарда бар, – деп айтты Жарқын Нұрланұлы. Бөлім басшысы өз сөзінде басқа да білім саласына қатысты күрделі мәселелер өз ретімен шешімін тауып келетінін түсіндіріп, оған ықпал етіп келген аудан басшысына алғысын да жеткізді.

[su_custom_gallery source=»media: 12076,12075,12074″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Аудандық білім бөлім басшысының оқыған баяндамасынан кейін жарыссөзге жазылғандардың өтініш-тілектері мен алғыс сөздері де тыңдалынды. Ал, осыдан кейін аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы сөз сөйлеп, жиын барысында ортаға салынған мәселелерге қатысты ойын білдірді. Сонымен қатар, аудан басшысы айтылғандардың барлығы назарға ілінетінін жеткізіп, сапалы білім беру мен саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ету керектігін айтты.

«Keleshekke – kemel bilimmen» деп аталатын биылғы Тамыз кеңесінің соңы аудандық білім беру қызметкерлерін марапаттау сәтімен аяқталды. Яғни, өз кезегінде аудан басшысы Жандарбек Далабаев білім жолында талмай тер төгіп, дарынды жастардың қатарын көбейтуге атсалысып, ауданның абыройы үшін қызмет етіп жүрген ұстаздарға Алғыс хат табыс етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях