COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ның мәлімдеуінше елімізде бірінші маусымындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 319 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы сілтеме жасап.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 388 991 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 218, Алматы қаласында – 208, Шымкент қаласында – 46, Ақмола облысында – 77, Ақтөбе облысында – 20, Алматы облысында – 54, Атырау облысында – 82, Шығыс Қазақстан облысында – 70, Жамбыл облысында – 23, Батыс Қазақстан облысында – 91, Қарағанды облысында – 220, Қостанай облысында – 39, Қызылорда облысында – 7, Маңғыстау облысында – 53, Павлодар облысында – 58, Солтүстік Қазақстан облысында – 37, Түркістан облысында – 16.
Сонымен қатар, Қазақстанда 1 617 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.