Кейбір бағыттағы қоғамдық көліктер қайта жүреді

Кейбір бағыттағы қоғамдық көліктер қайта жүреді

Келер жылдан бастап кейбір бағыттағы қоғамдық көліктер қайта жүретін болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қарасай ауданындағы қоғамдық көліктерге тұрғындардың көп көңілі тола бермейтіні анық. Халықтың айтуынша, қазіргі уақытта маршруттардың саны азайған және қала ішінен Алматыға қарай бағыт алатын қоғамдық көліктердің көбісі оқушыларға, бесік арбасы бар аналарға тоқтамайды. Аталған мәселелердің мән-жайын білу үшін құзырлы мекемелермен тілдестік. «Қаскелең автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Арыстан Манановтың берген мәліметіне сүйенсек, қоғамдық көліктердің барлығы да аялдамаларға тоқтап, кез келген жолаушыны алуға міндетті. Яғни, мектеп оқушылары да, бесік арбасы бар ата-аналар да аудан ішінде жүретін шағын немесе үлкен автобустарға отыруға құқығы бар.

– Кейде қарбалас сәттер болған кезде маршруттардың іші жолаушыларға бірден толып қалады. Мұндай жағдайда жүргізушілер адам сыймағандықтан тоқтамай өтуге мәжбүр. Бүгінде аудандағы қоғамдық көліктердің саны азайғаны рас. Әсіресе, Шамалған ауылы мен «Сайран» автобекеті арасында тұрақты жүріп тұратын 55 маршруттың 25-і қысқарды. Оның себебі дизельдің және басқа да автобөлшектердің қымбаттауымен байланысты, – деп түсіндірді А.Мананов. Оның айтуынша, автопаркке қарайтын қоғамдық көліктердің барлығы күн сайын 21:00-ге дейін жүруге міндетті.

Бір айта кетерлігі, Алматы мен Қарасай ауданы арасында ағылып жүретін сыйымдылығы үлкен №23, №78, №202, №212 автобустар мен «Шамалған-Сайран», «Қаскелең-Сайран» бағыттарында жүретін қоғамдық көліктердің қызметі аумақ бойынша қадағаланады. Нақтырақ айтқанда, барлық маршруттардың аудан аумағынан тыс жұмысына Алматы қаласының мобильдік басқармасы жауапты.

Қаскелең қаласы бойынша және басқа да округтер арасында қатынайтын автобустарға қатысты мәселені де назардан тыс қалдырмадық. Бұл жөнінде Қарасай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ресми түсінік берді. Олардың мәліметінше, бүгінгі таңда аудан ішінде жүретін 10 маршруттың 5-і өзін-өзі ақтамауына байланысты тоқтатылған. Дегенмен, бұл мәселе әлі басты назарда. Яғни, осы аталған автобустарды қайта жүргізіп, қолданыстағы маршруттардың жұмыс сапасын одан әрі арттыру үшін аудандық әкімдіктің тарапынан облыстық басқармаға бюджеттік өтінім жолданған. Егер субсидиялау жағы шешілсе, 2022 жылы Қаскелең қалаішілік, «Әйтей-Қаскелең», «Исаев-Қаскелең» бағыттарындағы маршруттар қайта жаңартылып, «Жандосов-Қаскелең», «Тұрар-Алтын орда», «Батан-Алтын орда» арасында қатынайтын қоғамдық көліктердің қымет көрсету сапасын жақсарту жоспарлануда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях