Қазақстан ауа сапасы денсаулыққа қауіпті дәрежедегі аса нашар жиырма елдің тізімінде, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желлік басылымы malim.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде ауа ластануы деңгейі орташа есеппен 131 баллға бағаланған. Бұл ауа ластану деңгейі «ерекше сезімтал адамдар тобына зиянды» дегенді білдіреді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан (56) мен Өскеменде (69) ауа сапасы қанағаттарлық деп бағаланған, сезімтал топ үшін зиянды деңгейдегі лас ауа деңгейі – Теміртау (90) мен Ақтау (89), барлық халық үшін зиянды деңгейдегі ластану – Шымкент (155) пен Өтеген батыр ауылы (171), денсаулыққа қауіпті, өте лас ауа көрсеткіші – Боралдай (204) пен Алматыда(214) анықталған.
Айта кетейік, аталмыш сайт ауа ластануы деңгейін шынайы уақыт негізінде есептейді. Қазақстандағы ауа ластануының орташа деңгейі жарты сағат ішінде он пункт бойынша жоғарылап кеткен. Ал эколог-белсенді Павел Александров берген мәліметке сәйкес, содан бір күн бұрын Қазақстан ауа деңгейі ең лас елдер үштігінде болған.