«Qatar Airways» компаниясы елімізге әуе рейстерін ашады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2020 жылдың наурыз айының 30 күні «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха мен Нұр-Cұлтан қалалары арасындағы, ал, сәуір айының бірі күні Доха мен Алматы қалалары арасында алғашқы рейсті орындау рәсімін өткізеді.
Алғашқы рейстер Боинг-787 (Dreamliner) үлгісіндегі әуе кемесінде орындалатын болады. «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына аптасына 2 рейс жиілікпен және Алматы қаласына аптасына 4 рейс жиілікпен Эйрбас-320 үлгісіндегі ұшақпен тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды.
Жалпы, «Qatar Airways» компаниясы елімізге аптасына 6 рет тұрақты түрде ұшатын болады. Екі ел арасындағы рейстерге билеттердің сатылымын бастау 16 қаңтарға жоспарланған. Рейстің ашылуы қазақстандық жолаушыларға «Qatar Airways» әуе компаниясының 160 бағытына сапар шегуге мүмкіндік береді.