Көшпелі отырыста көп мәселе қозғалды

Көшпелі отырыста көп мәселе қозғалды

Елбасы Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында «Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек» дей отырып, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау ісі бұрынғыдан да артатынын, осыған сәйкес жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті дамыта отырып ішкі өнімнің үлесін, 2050 жылы 50 пайызға жеткізу көзделініп отырғанын баса айтқан болатын.

Бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Алматы облыстық мәслихатының «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау мәселелері бойынша», «Аграрлық сала, жер қатынастары және экология мәселелері бойынша» және  «Бюджет, тарифтік саясат және заңдылықты сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша» тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарының негізінде көшпелі отырысы өтті.

Облыстық мәслихат депутаты Асқар Сүлейменов төрағалық еткен жиында алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Махаббат Бигелдиевке беріліп, ол Елбасы тапсырғандай, кәсіпкерлік саласының қарқынын күшейтіп, оған қаржылай қолдауды арттыруға арналып отырған, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге ұйытқы болатын бұл басқосудың маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырушыларына ризашылығын жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дюсенбинов та өзінің жылы лебізін білдірді.

Күн тәртібінде «Алматы облысында үдемелі индустриялдық-инновациялық дамыту және «Бизнес жол қартасы 2020»» бағдарламасы бойынша орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту және жеке кәсіпкерлікті  қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар және осы мәселелер бойынша болашақта қойылған міндеттер, мал шаруашылығын несиелендіру және субсидияландыру сияқты мәселелер қаралып, «Жетісу» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ атқарылып жатқан жұмысы талқыға салынды.

Олар бойынша, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқарма басшысы Маржан Мұрат, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақшолпан Марат, облыстық ауыл шарушылығы басқармасы басшысының орынбасары Қойымшан Омаров, облыстық ауыл шаруашылығы және «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы басшысының орынбасары АльмираИбраимова баяндама жасады.

Көтерілген мәселелер өзекті болғандықтан отырысқа қатысып отырған облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, отырысқа шақырылған ауыл шаруашылығы өкілдері мен кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтар да өте көп болды. Олар негізінен сөз етілген индустриялды аймақтарға, ауылшаруашылығына бөлінетін субсидияларға, өз ісін бастаймын деушілерге арналған гранттарға, осы мақсаттарда елімізде қолға алынған жобаларға, шағын бизнес өкілдеріне көрсетілетін қолдауларға және тағы да басқа жайттарға қатысты болды. Көпшілігі тиісті басқарма басшыларымен көзбе көз жүздесіп, ашық пікір алмасуға мүмкіндік беретін осындай көшпелі отырыстардың артықшылығын айтып, алғыстарын білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях