Бүгін Қарасай аудандық орталық кітапханасында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай, «Көшбасшы жолы» атты дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
«Нұр Отан» партиясы аудандық «Жас Отан» жастар қанаты мен аудандық кітапхана бірлесе ұйымдастырған іс-шаранын мақсаты – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, қазіргі жастарды елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға баулу.
Дөңгелек үстелге қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, аудандық музейлердің қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
[su_custom_gallery source=»media: 7942,7939,7938,7937,7936″]
Аталған жиында Шара Қанатқұлқызы, Ақылия Бекбайқызы, Сағат Мәсімақынов пен Несіпбала Әбділдаева сияқты ауданымыздың еңбек ардагерлері Елбасымыздың балалық шағы мен өмірбаяны жайлы, оның осынау жетістіктерге жетер жолындағы ерен істері, еліміздің басқа ұлттармен достық қарым-қатынастарын нығайтудағы орасан зор еңбектері жайлы жан-жақты сөз қозғады. Басқосуға қатысқан студенттер де бүгінгі жиын тақырыбы бойынша өздерінің ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелде егемен еліміз жайлы өлеңдер оқылып, болашақ ұрпақтың рухани байлығы жайында қызықты және мағыналы пікірлер айтылды.