Көрісу күнінде «Бауырсақ Party» ұйымдастырылды

Көрісу күнінде «Бауырсақ Party» ұйымдастырылды

Бүгін қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі – Көрісу күні. Бұл күнде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Осы бір берекелі де мерекелі мейрамды бүгін ауданымыздың орталық Мәдениет үйінің өнерпаздары көтеріңкі көңіл күйде атап өтті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Нақтырақ айтқанда, бүгін орталық Мәдениет үйінің ғимаратының алаңында «Бауырсақ Party» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мейірім мен жылулық ұялаған шарада жиналған жұрт ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас – наурыз көжеден, мереке кезінде әр қазақтың дастарханында міндетті түрде тұратын ыстық бауырсақтан дәм таттып, ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарыстарға қатысты.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға «Амал» күнінің түп мағынасын көрсету мақсатында «Жастар» театрының әртістері керемет сахналық қойылым көрсетті. Ал, әдемі, түрлі-түсті ұлттық киімдер киген ауданның үлкен кіші өнерпаздары қазақ халқының билерін билеп, әндерін шырқап, тамаша көңіл-күй сыйлады.

Осылайша, бүгін ауданымыздың өнерпаздарының ұйымдастыруымен Қарасай жұрты ауа райының салқын болғанына қарамастан, Көрісу күнін ерекше көтеріңкі көңіл-күйде атап өтті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях