Алматы облысында дәрілік препараттарды сату мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары басталды  

Алматы облысында дәрілік препараттарды сату мәселесі бойынша  түсіндірме жұмыстары басталды   

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрілік препараттарды сату мәселесі» бойынша баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Баспасөз мәслихаты барысында, Талдықорған қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Өмірзақ Әбілсейітұлы дәрі-дәрмек саудасына байланысты салалық министрліктің түсіндірме жұмыстарын баяндады. Оның айтуынша, биыл елімізде Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты фармация мен қоғамдық денсаулық сақтау комитеттері біріктіріліп, тауарлар, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті болып құрылған.

Сала мамандары дәрілік заттарды қабылдауда оны сату бойынша дәрігерлер мен жеке кәсіпкерлерге қолданыстағы талаптардың қағидаларын сақтау қажеттігін атап өтті. Мамандардың айтуынша, елімізде дәрілік заттардың 7 792 атауы тіркелген, оның 6 033-і дәрігердің рецепті бойынша, 1759-ы рецептсіз сатылады  Міне, сондай  дәрілерді тиімсіз қолданудан адамның денсаулығына зиян келтіретін фактілер кездесуде.

2013 жылғы қаңтарынан бастап  республиканың барлық өңірлерінде медициналық сақтандыру жүйесіне сәйкес пациенттердің дәрілік препараттармен қамтамасыз етілу мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін Автоматтандырылған ақпараттық дәрілік қамтамасыз ету жүйесі енгізілгенін еске сала кетеміз.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях