Әйтей ауылындағы ауыз су мәселесі шешіледі

0
532

Бүгінгі аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың Әйтей ауылдық округіндегі есептік кездесуінде көтерілген тағы бір маңызды мәселе – округтегі судың тапшылығы болды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Жиында округте су тапшылығы қатты байқалатындығы айтылды. Аталған мәселені тұрғындар арасынан көтерген Сағындық Қалмамбетовтың сөзіне сүйенсек, ауыз судың ағынымен қоса сапасы да төмен екен. Қыстың күндері су әйтеуір ағып тұратын болса, ал, жазда су мүлдем жоқ.
Бұл біраз жылдар күн тәртібінен түспей келе жатқан ауыз су мәселесі Жандарбек Ермекұлының қолдауымен шешімін табады. Әйтей ауылдық округінің тұрғындары «Қаскелең су топтамасы» жобасының аясында 2023 жылға дейін сумен толықтай қамтылатын болады. Нақтырақ айтқанда, Еңбекші, Құмарал, Әйтей, Сауыншы, Үштерек ауылдарында аталған жоба аясында су өткізуге болатын деген мемлекеттік сараптамадан ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен. Қазіргі таңда округ үшін сумен қамтамасыз ету жұмыстарына қажетті қаражат бөлініп, қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь