Испания науқастар саны бойынша Қытайдан асып кетті

Испания науқастар саны бойынша Қытайдан асып кетті

Індеттің ілмегіне іліккендер қазір, минут, секунд санап көбейіп барады. Соңғы сандар, кеселден көз жұмғандар әлемде 30 мыңнан. Ал, жұқтырғандар 780 мыңнан асып кеткенін айтады деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz   сайтына сілтеме жасап. 

Мәселен, Испания коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан асып кетті. Соңғы мәліметке сәйкес, мұнда 85 мыңнан аса дерек расталған. Сөйтіп, мемлекет бұл көрсеткіш бойынша АҚШ пен Италиядан кейін үшінші орынға көтерілді. Ең көп науқас ел астанасы Мадрид пен Каталонияда тіркелген. Көз жұмғандар саны да аз емес. Сондықтан мұнда аза тұту  жарияланып, мемлекеттік мекемелерде ту төмен түсірілген. Жалпы елде вирусты жұқтырғандар қатарында 12 мың дәрігер бар. Ал, бұған дейін індеттен 86 жастағы Испания ханшайымы Мария Тереза көз жұмған еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях