Қарасай ауданы – өңдеу өнеркәсібі мен көпсалалы кәсіпкерлігі қатар дамыған, инвестициялық тартымдылығы жоғары аймақ. Аудандық құрылыс бөлімінің мәліметінше, өңірге инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде 1300-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар еңбекпен қамтылды», – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Ағымдағы жылдың өзінде аудан аумағында тағы 20-ға жуық жаңа инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде өндіріс қуатын арттырып, жаңа жұмыс көздерінің ашылуына серпін береді.
Сонымен қатар биыл Әйтей ауылдық округінде «Almaty W.S» ЖШС-нің заманауи құрылыс материалдарын шығаратын ірі зауыты іске қосылады деп жоспарлануда. Өңір экономикасы үшін маңызы зор бұл жобаның жалпы инвестициялық құны 2,7 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын толық қуатына көшкенде жылына 1,5 млн текше метр тауарлы бетон, сондай-ақ құрылысқа қажетті 600 мың шаршы метр сэндвич-панель мен профнастил өндіреді деп күтілуде. Жобаның ең басты әлеуметтік тиімділігі – зауыт іске қосылған сәтте ауданның 150 тұрғыны тұрақты әрі жоғары жалақысы бар жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.
