Ел өңірлерінде коронавирус індетінің таралуы бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
28 маусымдағы жағдай бойынша ақпарат төмендегідей:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары тұр.
«Жасыл» аймаққа: Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген.
Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр.