Imanbek Ресейде жылдың үздік музыканты атанды

0
510

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Ресейде жыл музыканты атанды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz.
«MTV Россия» телеарнасы биылғы жылды қорытындылап, үздік музыканттардың тізімін жасақтады. Оның ішінде отандық жас диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) те бар.
MTV Россия таңдауына сай 2021 жылдың басты музыканттары: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай.
Естеріңізде болса, теміржолда жұмыс істеген жас диджейдің танымалдығы 2019 жылдан бастау алады. Диджей Roses әніне (SAINt JHN) әніне ремикс жазып, ол көпшіліктің көңілінен шықты. Сол шығармамен Grammy сыйлығын ұтып алды.
Бүгінде Imanbek әлемдік деңдейдегі танымал музыканттар Rita Ora, David Guetta, 50 Cent, LP, Cher Lloyd, Alan Walker, Dua Lipа және басқа жұлдыздармен ән жазып үлгерді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь