Халық қалаулысымен кездесті

Халық қалаулысымен кездесті

Бүгін ауданымызға «Халық коммунистері» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған, қаржы және бюджет Комитетінің мүшесі Ирина Смирнова келіп, бірқатар мекемелердің жай күйімен танысып кетті. Халық қалаулысы ең алдымен, орталық ауруханаға келіп, ол жердегі дәрігерлермен тілдесті.

Басқосуда ақ халаттыларға Ирина Владимировна өзінің келудегі мақсаты, яғни, осында қызмет етіп жатқан азаматтардың жұмысы жайлы және туындап жатқан әртүрлі мәселелерін біліп, оны ретке келтіруге барынша көмектесу екенін түсіндірді. Осы орайда, аурухана директорының орынбасары Зарыққан Сатыбалдинова халық қалаулысына бүгінде ауруханаға, жалпы тұрғындарға қажетті қосымша емхана салынса деген ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, ауданымыздың халқы күн санап көбеюіне орай, емханаға келушілердің саны осыған байланысты өсуде екен. Сондықтанда, Зарыққан Болатқызы Қаскелең қаласының кіреберісінде орталық ауруханаға қарасты жерге үкімет тарапынан қажетті қаражат бөлініп, емхана салынса деген ұсыныс білдірді. Және де бұл ұзағынан кезекті тұратын жергілікті тұрғындарға өте қажетті екенін жеткізді. Ал, мұның барлығына жіті құлақ салған Ирина Смирнова, барлық жағдайда ескеріп, Президенттің әкімшілігіне хат жазып, алдағы уақытта осы мәселенің шешімін табатынын айтты. Басқосудан кейін мәжіліс депутаты аурухана перзентханасының жай-күйімен танысып, аралап, медицина қызметшілерінің жұмысына жақсы баға берді. Мұнан соң, халық қалаулысы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепке бет бұрып, мұғалімдермен жүздесті. Онда ол ұстаздардың да бірқатар мәселелерін тыңдап, Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде жасалып жатқан жұмыстарды айқындап, түсіндірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях