Халық қалаулысы тұрғындармен бас қосты

Халық қалаулысы тұрғындармен бас қосты

Елбасымыздың осы жолғы халыққа ұсынған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарында жан-жақты талқыланып, насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Осындай мақсатта бүгін Қаскелең әкімі аппараты ұйымдастырған облыстық мәслихат депутаты Мұхит Үмбетовтің қатысуымен түсіндіру жиналысы болды. Абай мектеп-гимназиясында өткен басқосуды аудандық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат өзі модератор ретінде жүргізіп отырды. Алғашқы сөз кезегін алған Мұхит Әбікенұлы  Мемлекет басшысының қазақ халқына арнаған Жолдауын жан-жақты зерделеп, тыңдаушыларға басым бағыттарын талқылап жеткізді. Әсіресе, халықтың ойында жүрген өзекті мәселелердің көтерілгендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жиын барысында Керімбеков мектебінің директоры Қанат Байғараев Жолдаудың «Педогогтар мәртебесі» бағытын талқыға салса, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жарқынай Садуова да өз ойын ортаға салды. Мұнан кейін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында Мұхит Әбікенұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындардың өтініштері бойынша бірнеше түйіткілді ойлар қозғалып, біраз шаруалардың түйіні шешілді. Нақты айтқанда қабылдауға жазылған азаматтардың басым көпшілігі ауылға қажет жарық мәселесімен келген. Одан бөлек ауа-райының салқындауына байланысты отын мен көмірдің тапшылығына  қатысты сұрақтар қаралды.  Бұлардың барлығына халық қалаулысы тиісті көмегін көрсетіп, шешімін қарастырды.

[su_custom_gallery source=»media: 6425,6424,6423,6422,6421,6420,6419,6418″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях