Осы жылдың көктемінде Қарасай ауданының «Құрметті азаматы», аймақ тарихындағы тұлғалар, ақын-жазушы, еңбек адамдарын келер ұрпаққа таныстырып, мұра етіп қалдыруға зор үлес қосқан Үсенбай Тастанбеков өмірден озған болатын. Осы ретте бүгін аудандық орталық кітапханада тіл жанашыры, тарихшы, өз қоғамының белсендісі әрі танымал ақын, жазушыларың ұлы ұстазы болған Үсенбай атаны еске алу мақсатында «Өшпестей із қалдырған дана да, дара тұлға» атты кеш өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымдастыруымен өткен іс-шараға жергілікті атқарушы органның өкілдері, журналист атамыздың туыстары, әріптестері, шәкіртері мен ол кісімен жақын таныс болған азаматтар, ауданымыздың құрметті азаматтары, сондай-ақ, ұстаздар мен жастар қатысты.
[su_custom_gallery source=»media: 14597,14598,14596,14595,14594″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Тағылымы мен танымы мол кездесу шәкірт тәрбиелеумен қатар өңірдің дамуы үшін қажырлы еңбек еткен ардагерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Мұнан кейін аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Шара Қанатқұлқызы баяндама оқып, Үсенбай Бақтиярұлының өмір баяны мен атқарған қызметі жайында кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, басқосуда ҰОС ардагерінің бірге қызметтес болған әріптестері абыз ақсақалдың жазушылық өнері мен өмірі жайлы, ол кісінің қазақ тілі мен ауданның өркендеуіне қосқан үлесі туралы, жазған еңбектері мен маңызды мақалалары жайында айтып өтті. Сондай-ақ, Үсенбай атаның есімі мәңгі ел есінде қалып, жастарға үлгі болуы үшін ол кісінің есімін аудандағы бір көшеге және де Батан ауылындағы жақында ашылатын мектепке берілсе жақсы болар еді деген ниеттерін де білдірді. Ал, басқосуға келген шәкірттері Үсенбай атамен қалай танысқандарын, олардың журналист болуына алып тұлғаның қосқан үлкен үлесі жайында айтып, еске алды.
Мұнан бөлек шарада бірнеше бейнероликтер көрсетілді, концерттік бағдарламалар қойылжы және де жастар көптеген ақындардың Үсенбай атаға арнап жазған өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, жиында аудан әкімінің орынбасары Күлжан Әділханқызы сөз сөйлеп, ауданымыздың Құрметті азаматы, ардақты ардагері жайлы жылы сөздер айтып, алдағы уақытта ауданымыздағы «Батыр бабаларға тағзым» мемориалы мен «Анаға құрмет» музейінде ол кісіге арнап бұрыштар ашсақ деген жоспар бар екенін жеткізді.
Ардагер атамызды еске алу кеші оның қызы Әсия Үсенбайқызының алғыс сөзімен аяқталды.