Әңгіме арқауы – «экстремизм» мен «терроризм» ұғымдары

Әңгіме арқауы – «экстремизм» мен «терроризм» ұғымдары

Діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға қатысты семинарлар өткізілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Діннің мән-мағынасы, мазмұны, әлеуметтік тұрпаты жағынан қоғамда алатын орны зор. Дұрыс түсінік бойынша дін – жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарады. Дәл осылай ағымыздан жарылып айтқанымызбен, қоғамда қалыптасып жатқан теріс ойлардың, пайымсыз пікірлердің де бар екенін жасырмаймыз. Соның салдарынан адасушылық та болып жатады. Осыған орай, еліміз бойынша облыстық, аудандық көлемде оның алдын алуға қатысты түрлі түсіндіру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Солардың бірқатары ретінде бүгін өткізілген «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу» лоты бойынша ҮЕҰ әлеуметтік маңызы бар жобалардың мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде өткізілген екі семинарлық отырысты айтуға болады.

[su_custom_gallery source=»media: 12589,12588,12587,12590″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Көпшілікке ой салар бұл басқосуларды аудандық ішкі саясат бөлімі мен «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырғанын да айта кеткен жөн. «Діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуға бағытталған іс-шаралар» тақырыбында әңгіме өрбіту үшін бұл басқосуларға спикер ретінде «ҚР ланкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция полковнигі Какимжан Бишманов қатысты. Алдымен ол Шамалған ауылындағы Қарасай батыр мешітінде ауданның бас имамдарымен тілдесіп, тақырып аясында қажетті ақпаратымен бөлісті. Кейін аталмыш қоғамдық қордың басшысы Какимжан Мұратжанұлы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында түрлі білім беру мекемелердің қызметкерлерімен де кездесу өткізді. Жиын барысында модератор ретінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әмина Абдраманова семинарға қатысушылар тарапынан сұрақ қоюға болатынын айтып, еркін пікір алмасуға шақырды.

Жалпы, қос жиынға тақырып ортақ болғандықтан жоғарыда аталған қоғамдық қордың басшысы Қ.Бишманов «экстремизм», «терроризм», «радикализм» ұғымдарына қатысты түсінігін кеңінен жеткізіп, олардың қоғамға қаншалықты қауіпті екенін де ақпарат түрінде түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, діни ағымдар арқылы адасуға түспеу үшін отбасылық тәрбиені алға қою керектігін де алға тартты. Сонымен қатар, осы семинарлар барысында қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар табысталды

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях