Атақты кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (Triple G) ауданымыздағы Сулеймен Демирел университетінің түлегі Асқар Байбосыновқа тоғызыншы маусымда өтетін жекпе-жек кешіне билет сыйлады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Асқар Madison Square Garden аренасында өткен GGG мен Роллстың ашық жаттығу сәтін тамашалауға келіп, отандасымыздың өз қолынан сыйлыққа билет алған. Сондай-ақ, кешке тегін кіру мүмкіндігі іс-шараны көруге келген басқа да қазақстандық жанкүйерлерге бұйырған. Ең қызығы, қарасайлық студенттің алған билетіне танымал отандасымыз өз қолтаңбасын да қойып берген.