Қарасай аудандық Төтенше жағдай бөлімі жылыту маусымы кезіндегі дәстүрлі іс-шаралардың бірін атқарды. Бүгін олар улы газдан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шамалған округі әкімдігімен бірігіп, аталмыш ауылдағы бірнеше үйлерге улы газ дабылдатқыштарын орнатты. Қазіргі уақытта бұл құрылғы алдымен әлеуметтік осал топқа жататын, оның ішінде көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға, зейнеткерлерлерге тегін берілуде. Ресми дерекке сүйенсек, ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін улы газдан зардап шеккендердің 31 жағдайы тіркелген. Осыған байланысты 85 дабылдатқыш сатып алынып, аудан бойынша көмірмен жылытып отырған үйлерге орнатылуда. Төтенше жағдай бөлімі қолға алған қауіпсіздік шарасы ауданның барлық округінде жүзеге асырылады.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать