Ескелді ауданының тұрғындарының назарына

Ескелді ауданының тұрғындарының назарына

Ескелді ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі аудан халқына қатты отынның қажетті мөлшерін алдын-ала сатып алу керектігін ескертеді, деп хабарлайды  naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Алдағы 2022-2023 жж. жылыту маусымына дайындық шараларын жүргізу аясында, күз айларында жылу беру кәсіпорындарына көмірді жеткізу жұмыстары атқарылды, ол коммуналды-тұрмыстық көмірді тасымалдаушы вагондар санының қысқаруына әкеп соғады. Сонымен бірге, алдағы уақытта көмір жетіспеу салдарынан көмірдің бағасы жоғарлау мүмкіншілігі жоғары.
Ескелді ауданы тұрғындары үшін «Рахим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Сауда көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатты отынмен қамтамасыз етуге арналған екі тұйығы орналасқан.
Осыған орай, жылыту маусымында көмірдің жетіспеушілігін және әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында, Ескелді ауданының әкімдігі қатты отынның қажетті мөлшерін көмір тұйықтары мен қоймаларынан алдын-ала сатып алу керектігін хабарлайды.
Бүгінгі таңда 1 тоннаның бағасы 14800 теңгені құрайды.
Анықтама телефоны: 87769681452.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях