Ескелді ауданындағы қылмыстық деңгей 4,6% төмендеген

Ескелді ауданындағы қылмыстық деңгей 4,6% төмендеген


Биыл Ескелді ауданындағы қылмыстық деңгей 4,6% төмендеген. Бұл туралы Ескелді ауданының прокуроры Құралбек Маратұлы айтып берді, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Аймақта жыл басынан 250-ге жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Сонымен қатар, бойынша электронды түрде жүргізілген қылмыстық құқықбұзушылықтар 87,4%-ға жектен.

Ескелді ауданында қоғамдық мүдделерді қорғау бағытында да бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл бағытта 5 тексеру және 13 талдау жұмысы жүргізілген. Нәтижесінде 21 заң бұзушылық анықталып, 14 адам әр түрлі, 1 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ауданда қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақытылығын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарының қорғалуына, мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғауға басты назар аударылуда.

«Ескелдіде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында
беру ұйымдарымен білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау барысында науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, саламатты өмір салтына қалыптастыру жөніндегі сабақ режимдерін белгілейтін заңнамалардың сақталуына талдау жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, аудан прокуратурасымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның, ішкі істер органдарының жұмысы, оның ішінде қараусыз және панасыз қалған балалармен жұмыс, қолайсыз отбасыларды анықтау бағытында талдау жүйелі түрде жүргізіліп келеді», — деп атап өтті Құралбек Шойбеков.

Биыл сотта 31 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде 27 тұлғаға қатысты 22 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған, 4 тұлғаға қатысты 4 қылмыстық іст тоқтатылған. Бас бостандығынан айыру тәжірибесі 14,8 процентке жеткен. Қылмыстық істер бойынша заңсыз шығарылған сот актілері орын алмаған.

Азаматтық істер бойынша аудандық сотпен жалпы 192 іс шешім шығаруымен қаралды. Тұлғалардың өтініші негізінде бұзылған сот шешімдері жоқ. Кемшіліктерге жол берілмеген.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях