Ескелді ауданында Республика күні тойланды  

Ескелді ауданында Республика күні тойланды   

Араға 13 жыл салып қайта оралған Республика күні мерекесіне орай, Ескелді аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті, деп хабарлайды naqty.kz   желілік басылымның тілшісі.

Осыдан 32 жыл бұрын 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен мемлекеттің егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде танылып, егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, рәміздері бекітілді.

Республика күнін мемлекеттік мерекелер қатарына қосуды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қолға алып, ол жөнінде Ұлттық құрылтайдың I отырысында мәлімдеді.

Мерекелік жиында аудан әкімі Елдос Ахметов  тұрғындарды «Республика күні» мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Салтанатты шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысқаны үшін бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттармен және  Құрмет грамоталарымен марапатталды. Одан  кейін мемлекттік қызметке жаңадан тағайындалған кызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті.  Мерекелік жиын концертке ұласып, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төкті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях