Ескелді ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ескелді ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ескелді ауданы әкімінің 2022 жылғы 26 тамыздағы №150-ө ж/қ өкімімен Айдын Ерболғанұлы Исабеков Ескелді ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.
Айдын Ерболғанұлы 1974 жылы Алматы облысы, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Талдыкорған заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Талдықорған ауданы Крупский ұжымшарының жұмысшы болып бастаған.

Әр жылдарда «Ескелді» өндірістік бірлестігінің № 1 бригадасының есепшісі, Крупский ауылдық округі әкімінің орынбасыры, Ескелді ауданы Бақтыбай ауылдық округі әкімінің орынбасары, Бақтыбай ауылдық округі әкімі лауазымында қызмет еткен. 2021 жылдан бастап Ескелді аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы болды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях