Ескелді ауданында ҰБТ-ы орталығы ашылды!

Ескелді ауданында ҰБТ-ы орталығы ашылды!

Бүгін  Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп гимназиясында «Арай Білім» Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық орталығы ашылды, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымы.

Орталықтың ашылуына Ескелді аудандық білім бөлімінің басшысы М.Бектуров және мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері қатысты. Аталған білім мекемесінде 9 бен 11 сыныпта оқитын мектеп оқушылаоарн тестілеуге дайындайды. Аталған білім мекемесінде оқуға қажетті барлық құралдармен, цифрлы-заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған. «Арай Білім»  оқу орталығы математикалық сауаттылық, тарих, оқу сауаттылығы және таңдау сынды  негізгі пәндер мен таңдау пәндері бойынша дайындайды. Орталықта оқушылар үшін әр жұма күні байқау сынама тестілеу өткізіледі. Бұл жерде балалар қазақ тілінде білім ала алады. Орталықта білікті, тәжірибелі, жоғарғы санатты ұстаздар  жұмыс істейді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях