Ерлан Қошанов Мәжілістің жаңа спикері болып сайланды, — деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Депутаттар Мәжілістің жаңа төрағасын сайлады. Бұл бұрын Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен ресми түрде босатылған Ерлан Қошанов болатын.
Ерлан Қошанов – 59 жаста. Ол 2019 жылдан бері Президент Әкімшілігін басқарған. Бұған дейін ол 2017 жылдың наурызынан бастап Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарды. Сондай-ақ, ол премьер-министрдің кеңсесін, Азаматтық авиация комитетін басқарған.