Еркіндік қайда болса, елдік сонда

Еркіндік қайда болса, елдік сонда

Жер ана көктеп, иісі мүңки келетін көктемнің шуақты мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күні. Татулығымызды ту еткен бұл күн бүгін қаламыздағы аудан әкімдігінің алдында мерекеленді.

Салтанатты Қаскелең қаласының әкімі Әділбек Далабаев ашып, өз сөзінде жиылған қауымды 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, біздің қаламызда да әртүрлі ұлттар өз мәдениетін еркін дамытып, тату-тәтті жарасымдылық құрып жатқандығын және жерімізді мекен еткен сан халықтың достығын дәлелдетер мерекенің сәтті өтуіне тілек білдірді.

Жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, мәдениет үйі мен мектептен келген күміс көмей әншілер, мың бұралған бишілер өз өнерлерін көрсетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях