Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев «Еріктілер жылы» аясында өткізілетін іс-шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
– Азаматтық қоғам саласындағы негізгі шараларға тоқталуға рұқсат етіңіздер. Ең алдымен бұл – Еріктілер жылы. Жеті бағытты қамтитын іс-шаралар жоспары бекітілген. Олар: балалар үйлеріндегі балаларды қамқорлыққа алу, науқастарды қарауға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, қарттар үйлерінде еріктілердің жұмысы, ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларына көмектесу, Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған жұмыстар. Осы жылдың соңына дейін «Еріктілер жылы» заң жобасын әзірлеуге де назар аудартқым келеді, – деді министр жиында.
Сонымен қатар, Дәурен Абаев мемлекетіміздің барлық үкіметтік емес ұйымдарын IX Қазақстанның Азаматтық форумына белсенді түрде қатысуға шақырды.
– EXPO базасында «Art Hub» креативтік капитал орталығының алаңында республикалық волентерлік фронт-кеңсе ашу жоспарланып отыр. Осы салаға жетекшілік ететін вице-министр азаматтық қоғам саласындағы міндеттердің орындалуын бақылауға алуы қажет, – деді Абаев.