Еріктілер иттерді соятын орынды анықтады

Еріктілер иттерді соятын орынды анықтады

Еріктілер Ұмтыл ауылдық округіндегі Көлді ауылында иттерді соятын орын тапты. Олардың айтуынша сойылған ит еті саудаға шығарылады.
Анастасия Малыгина есімді тұрғын өзінің пародалық итін ит аулаушылар алып кеткенін естіп, іздеу салады. Осылайша Асель Табанова бастаған бір топ еріктілер күні кеше иттерді соятын орынды өз күштерімен жапанда жалғыз, оқшау тұрған жерді тауып алған. Ол ит соятын орын болып шықты. Еріктілкр келген бойда 17 итті босатқан.
Ол жерде иттердің бас сүйегі, пышақ, итті ұратын темір-таяқ, құрал-жабдықтар табылған. Тіпті, жаңа аққан қанның іздері де байқалды.
Ит соятын орында газ баллон мен таразы да тұр.
Қазіргі уақытта Ұмтыл ауылдық окруігінің әкімі Серік Үмбеталиев оқиғаны егжей-тегжейлі тексерген соң нақтылы мәлімет беретінін айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях