«Ерекшем» оңалту орталығына бір жыл

«Ерекшем» оңалту орталығына бір жыл

Абай ауылында орналасқан «Ерекшем» оңалту орталығына биыл бір жыл толып отыр. Осыған орай мекеме басшылығы ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен үйлестіріп ауқымды шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Мерекеге орай орталық аумағында киіз үй тігіліп, салт-дәстүрлер жаңғырып, ұлттық күйлер мен билерден шашу шашылды. Бұл күні қазақи нақыштағы сәнді киімдер киген балалар мен ата-аналарға кішкентай талантардың өнерлерін тамашалап, дәмді тағамдарға толы дастарханнан дәм татты. Сондай-ақ мультфильм кейіпкерлерінің киімін киген әртістермен көңіл көтеріп, есте қаларлық мерекелік әсер алды.
Айта кетейік, «Ерекшем» оңалту орталығы аутизм, сөйлеу дамуының тежелуі, ДЦП секілді церебральді сал дертіне шалдыққан балалармен жұмыс жасауға бағытталған мекеме. Оның негізін қалаушы жеке кәсіпкер, көп балалы ана Қаршыға Амантаева. Бұл бастама іске асыру үшін кәсіпкер «Бастау бизнес» бағдарламасына қатысып, үш мәрте мемлекеттік қаржылай қолдауға ие болған.
Орталықтағы тірек-қимыл аппаратын қалпына келтіретін бөлмеден бастап, массаж, сенсорлы және физиотерапия емін қабылдайтын арнайы кабинеттер барлық қажетті құрал-жабдықпен жасақталған.
Бүгінде мұнда 50-ге жуық бала ем қабылдап, тірек қимылдарын жақсартуда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях