Ер адам жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті (Видео)

Ер адам жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті (Видео)

Ливанда таңғаларлық жағдай болды. Жерлеу рәсімі кезінде ер адам тіріліп кетті,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz Daily Star сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болған ер адамды табытқа салып, қоштасу рәсімін өткізу үшін далаға шығарған. Ең алдымен туыстары қоштасты. Олар жақындап барғанда ер адамның өлмегенін байқаған. Барлығы жабылып, жүрекке массаж жасай бастады. Осы оқиға видеоға жазылып қалды.

Ер адамның туыстары көп созбай, оны жедел медициналық жәрдем көлігіне салып, дереу ауруханаға апарды.

Айта кетері, тура осындай жағдай көктемде Гана Республикасында болған. Мәйітхана қызметкері қайтыс болған баланы алып кетуге келгенде оның түшкіріп жатқанын естіді. Ол бірден дәрігерлерді шақырды. Мамандар баланы аман алып қалды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях