Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау тәртібін өзгерту туралы жариялады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
– ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды, – делінеді Президенттің Twitter-інде.
Президенті Білім және ғылым министрін қабылдау кезінде Асхат Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырған. Осы өзгерістердің арқасында қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындаудың ескі тәртібі жойылатын болады. Конкурстық іріктеу университеттің байқау комиссиясының қатысуымен ашық түрде өткізілетін болады. Аталмыш лауазымға кандидат іріктеудің негізгі талаптарына толық сәйкес келіп, университетті дамытуға бағытталған өздерінің бағдарламаларын ұсынуы қажет. Егерде үміткердің кандидатурасын қадағалау комиссиясы мақұлдаса, өз шешімін Республикалық конкурстық комиссияға жібереді. Қадағалау кеңесі бекіткен ректордың лауазымына үміткерлер саны үшеу кем болмауы керек.
Сондай-ақ, қабылдау кезінде Президент Асхат Аймағамбетовтың Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндамасын тыңдап, жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен аталмыш құжатта шешілуге тиісті міндеттері жөнінде өз ұсыныстарын айтып өтті.