Елтайдағы ерекше кәсіп (Видео)

Елтайдағы ерекше кәсіп (Видео)

Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылдық округінде кәсіпорындардың қатары аз емес. Әрбірі аудан экономикасын арттырып, халықты жұмыспен қамтып келеді. Сондай өндіріс орындарының ішінде ерекше өнім дайындайтын компаниялардың бірі – «Фабрика Натуральных Продуктов» ЖШС. Ал бұл кәсіпорынға жетекшілік ететін, ойы ұшқыр, креативті жақсы көретін Айгерім Демеу 2024 жылдың мамыр айында әлеуметтік кәсіпкерлер тізіміне енген. Негізгі мақсаты – әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы адамдардың өмірін жақсарту. Табиғи өнімдерді ұсынатын кәсіпорын өз қызметін 2021 жылы Елтай ауылдық округінің Елтай ауылында бастаған. Мұнда органикалық тағамдар өндірісі жолға қойылған. Олар – қант, бал және консерванттарсыз әртүрлі жеміс-жидектерден жасалған жеміс чипстері мен табиғи пастила. Ерекше өнімдер супермаркеттер мен дүкендерде «Yes! Eco!» брендімен танымал. Жақында бұл компания кәсіпкерліктің қолдайтын мемлекттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз грантқа өтінім беріп, оң нәтижесін алған. Алдағы уақытта өндірістік ортаны дамытуды көздейді. Компанияның қызметіне қызығушылық танытып, жақында арнайы барып, бір күндік жұмыс барысымен танысып қайттық.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях