Бүгін елордалықтардың карантин жағдайында өмір сүріп жатқанына 58-күн, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Соңғы уақытта біраз шектеулер алынып, бас қала біртіндеп қалыпты өмірге оралып келеді. Мәселен, бүгіннен бастап кассаларда теміржол билеттері сатыла бастады. Ал, пойыздардың өзі 1 маусымда жолға шығады деп жоспарланып отыр. Теміржол мен вокзалдардағы сақтық шаралары қандай? Алдымен пойыз вагондарының желдеткіш жүйесі толық тексеріледі. Қажет болса, желдеткіш фильтрлары ауыстырылуы тиіс. Жолаушыларға бір вагоннан екінші вагонға жүруге шектеу қойылады. Сондай-ақ санитарлық талапқа сай пойыздарда антисептик, дәрі-дәрмек және басқа да зарарсыздандырғыш заттар болуы шарт. Темір жол рейстерінің жандануы кезең-кезеңімен іске асады.