Елорда да алғаш рет варикозға ота жасалды

Елорда да алғаш рет варикозға ота жасалды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет амбулаторлық түрде варикоз ауруына операция жасалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

– Ота жарты сағат көлемінде жасалды. Әрине алдымен  ота жасау үшін науқас тиісті тексерулерден өтті. Ота біткен соң пациентті көтеріп жүргіземіз, яғни оның аяғын баса алатындығына көз жеткізуіміз керек. Егер емделуші  өзін жақсы сезінсе үйіне жіберіледі. Бізге маман ретінде ота жасауда соншалықты қиыншылық жоқ деп айтуға болады. Себебі қазір технология заманы, құрылғылар автоматтандырылған. Яғни ота түйнеліп кеңейген аяқ тамырларына эндовазальдік лазер арқылы жасалынады. Сол сияқты науқасқа алдын ала наркоз салынбайды, оның орнына УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) арқылы аяқ тамырына енгізіледі, – деді   хирург, PHD, профессор, әл-Фараби атындағы ҚҰУ-дың хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Әшімов.

№10 қалалық емхана қабырғасында жасалған варикоз отасы ҚР флебологтар қауымдастығының ұйытқы болуымен өтіп жатыр.  Жоспарға сәйкес төрт адамға тегін түрде ота жасалған, Ал жалпы алғанда хирургтің мүмкіндігі болса күніне 50 отаға дейін жасауға болады. Ол үшін мұнда маман да, қажетті технология да бар. Ота жасау құрылғысына келсек, ол ресейлік өнім. Жалпы варикозға ота жасау лазерлік технологиясы Еуропа елдерінде кеңінен өндіріледі және қолданылады. Аталған құрылғы қазіргі таңда тек  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша №10 қалалық емханада ғана бар. Ондағы дәрігерлердің берген мәліметіне сүйенсек ірі мегаполис қалалар тұрғындарының 10%-ы варикоз ауруы кездеседі. Варикозға ұшыраудың басты себебі, адамның аз қимылдауы, одан бөлек күні бойы отырып немесе тұрып жұмыс істейтін адамдар жиі ұшырайды. Оның үстіне қала тұрғындары көпшілігі жұмыстан шыққан соң автокөлікпен жүреді.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях