Халықаралық ақпараттық агенттігі «ҚазАқпарат» пен «Қазконтент» біріктірілуі мүмкін, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет халықаралық ақпараттық агенттік «ҚазАқпаратты» ЖШС-ті акционерлік қоғамға айналдарып, сондай-ақ, оған «Казконтентті» қосуды ұсынып отыр. Осы жоба бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» таратылады. Ал, брифингтер мен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру жұмыстары толықтай «ҚазАқпараттың» қызметіне жүктелетін болады.
Егер де осы өзгеріс енгізілетін болса жаңа акционерлік қоғам мыңандай міндеттерді атқаруға тиісті болады:
– мемлекеттік саясатқа ақпараттық қолдау көрсету;
– барлық форматтардағы баспасөз іс-шараларын ұйымдастыруда кеңес беру және практикалық қызмет көрсету;
– мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және дамыту шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару;
– ақпараттық технологиялар және жүйелер саласында консультациялық және практикалық қызметтер, сондай-ақ, өзге де қызметтерді көрсету;
– бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және қолдау, деректерді орналастыру және өңдеу.
Қазіргі уақытта бұл жоба қоғамдық талқылау сатысында тұр.