Қазақстанда 8 363 114 адам коронавирусқа қарсы толықтай вакцина алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.
2021 жылғы 20 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 8 899 669 адам вакцина салдырды, II компонентпен 8 363 114 адам.
Естеріңізде болса, елімізде 2021 жылдың 1 ақпанынынан бастап ерікті түрде екпе алу басталған еді.
Жалпы Қазақстан бойынша коронавирус дертіне шалыққандардың саны 983294 адамға жетті.