Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтың мәлімдеуінше Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 ардагері қалды. 2020 жылы ғана олардың саны 1025 болған, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
– 2020 жылы 1025 ардагер болса, биыл — 665. Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, соның ішінде тыл еңбеккерлерін алатын болсақ, олардың саны 127 мыңнан 114 мың адамға дейін қысқарды, – деді Әукенов.
Бұған дейін 9 мамырға Қазақстанда ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 6,4 миллиард теңге төлемге жұмсалатыны хабарланған болатын.