Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Алакөл-Қамқор» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданымызда білікті мамандармен семинар өткізілді. Жиын барысында «Елбасы Жолдауының басым бағыттары мен «Мәңгілік Ел» идеясын ілгерілету мақсатында ақпараттық кампанияны ұйымдастыру және өткізу» тақырыбының төңірегінде ойлар ортаға салынды. Осы тақырыпты кеңінен ашу үшін тарих саласының маманы, ҚР Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы шақырылды. Отырысты облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жаныс Сапарғалиев жүргізді. Мамандардың тұщымды ойларын тыңдап, белсенділіктерін таныту үшін ауыл әкімдері, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жастар келді.
Президенттің «Мәңгілік Ел» идеясын, сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасын ауқымды талқылау мақсатында әр білікті маман өз саласының айналасында түсіндірді. Тыңдаушылар тарапынан орынды сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар айтылды. Кездесуге келген құрметті қонақтардың осындай ақпараттарымен бөлісуі аудан тұрғындарына маңызы зор болды.