Елбасы Жолдауына арналған актив жиналысы

Елбасы Жолдауына арналған актив жиналысы

Бүгін аудандық мәдениет үйінде актив жиналысы болып, ол Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Жолдауын талқылауға арналды.

Жиналысты аудан әкімі Жандарбек Далабаев ашып, жүргізіп отырды. Мұнан кейін Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Меруерт Қабылова, Райымбек ауылдық округі дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Марал Дүйсенова, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Андрей Агеенко, бокстан Қазақстан чемпионы Еламан Жұмашев, Сулейман Демирел университетінің екінші курс студенті Алтын Сәрсенбаева сөз алып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы жолғы аталған Жолдауындағы айтылған мәнді мәселелерге өз ризашылықтарын, олардың бәрін де толық қолдап, қоштайтындықтарын білдіреді.

Келесі кезекте аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы сөйлеп, жалпы Елбасының алысты болжай білетін көрегендігі, салмақты саясаты жайында, мына Жолдаудың аса зор мән-маңызы туралы, ондағы алға қойылған міндеттердің өміршеңдігі, өзектілігі жөнінде кеңінен әңгімеледі. Енді оны аудан тұрғындарына жан-жақты түсіндіру қажеттілігін айтты.

Сонымен қатар, Жолдаудан туындайтын көптеген міндеттер бойынша орынбасарлары мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях