Елбасы еңбегін ел біледі

Елбасы еңбегін ел біледі

Тұңғыш Президент күні 2011 жылдан бері мемлекеттік мереке ретінде тойлануда.  Бүгін біздің қазыналы Қарасай жерінде  де бұл мерейлі мейрам лайықты деңгейде атап өтіліп, оған  аудан басшысы Жандарбек Далабаев бастаған барлық мекеме, комитет басшылары мен ұйымдардың өкілдері, ардагерлер және қоғам қайраткерлері мен ардақты азаматтар қатысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

 Сондай-ақ, Мәдениет үйінде қалалық кітапхананың ұйымдастуымен « Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында кітап және қылқалам шеберлерінің еңбектерінен көрме көпшілік назарына ұсынылды.  Аудандық Мәдениет үйіне лық толған көрермен қауым алдымен  рухты әуенге  ырғақты билеген өнерпаздардың сахналық көрінісін тамашалады.  Мемлекеттік Гимн шырқалған соң, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ерен еңбегі мен қайраткерлік, көрегендік, ұлтжандылық сияқты қасиеттерін ұлықтауға арналған  салтанатты жиынында аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы сөйлеп, құттықтауын білдірді.         Сөз соңында жиналғандарға осы мерейлі мерекеге  орай ізгі лебізін білдіріп, бірқатар түрлі сала қызметкерлерін ауданымыздың дамуына қосқан үлестері үшін Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, Қаскелең қаласы ардагерлер және  қоғамдық келісім кеңестерінің төрайымы Несіпбала Әбділдаеваға  Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен  «Ауылым – алтын қазынам» форумында алған дипломын табыс етті.

Әрі қарай басқосу  аудан өнерпаздарының дайындаған концертке жалғасты. Алғашқы болып сахнаға шыққан   «Үшқоңыр» этно-фольклорлық ансамбльдің әншілері Елбасының сүйіп тыңдайтын өлеңдерінен поппури орындады. Одан кейін, Отанға, туған жер, Ұлт Көшбасшысына арналған шығармалар арқау етілген  бағдарлама барысында небір арнаулар шырқалды.  Мерекелік кештің соңы «Қалбибі» өнер студиясының «Қазақстан»хорының орындауында Ермек Жұматаевтың сөзіне жазылған «Нұр Аға»  әдемі әнімен түйінделді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях