Ел Тәуелсіздігінің қорғаны – Қарулы күштер

Ел Тәуелсіздігінің қорғаны – Қарулы күштер

Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына – 31 жыл. 1992 жылдың 7 мамырында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының айбынды әскері құрылған болатын. Аталған мереке қарсаңында осы аптаның жұмасы күні аудандық Мәдениет үйінде Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесі – Отан қорғаушылар күніне орай іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Жасұлан Естенов, ауған соғысының ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, бөлім басшылары мен жетекші мамандар қатысты.
Салтанатты жиында аудан басшысы сөз алып, көпшілікті мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Мұнан кейін аудан әкімі ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлестерін қосып жүргені, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау міндетін абыройлы атқарғаны үшін бір топ азаматты марапаттады.
Атап айтар болсақ, Қарасай ауданы әкімінің атынан Құрмет грамотасы Жандос Кулжабеков пен Малик Қалиевке табысталды. Ал дәл осындай мәтіндегі Алғыс хаттармен Ермек Естаев, ҚР Қорғаныс министрлігінің Алматы облысы Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Бекмырза Жүсіп, Қарасай ауданының прокуратурасының аға прокуроры Даурен Раимкулов, Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкері  Бексұлтан Икрамов, Қаскелең шекара бөлімшесі бастығының орынбасары, лейтенант Арман Тұраров, Қарасай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Марлен Наурызбаев, Қарасай аудандық білім бөлімінің әдіскері Ерлан Сеилханов, Қарасай ауданының жұмыспен қамту орталығының бас маманы Өмірбек Құбиев марапатталды.

Мерейлі басқосудың соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты. Концерт барысында аудандық Мәдениет үйінің әншілері патриоттық рухты көтеретін әндер шырқап, жиналғандарға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях