Экстремизм мен терроризм – дінге жат ұғым

Экстремизм мен терроризм – дінге жат ұғым

Аудандық орталық кітапханада экстремизм мен терроризм қатеріне арналған «Терроризм – дінге жат ұғым» атты жиын өтті деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық дін мәселесі жөніндегі насихаттық түсіндіру тобының ұйымдастыруымен өткен жиынға ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары, ауданымызға қарасты бірқатар мешіттердің имамдары, аталмыш ұйымның мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты «экстремизм», «терроризм», «радикализм» терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жөнінде мағлұмат беру еді.

[su_custom_gallery source=»media: 8152,8149,8151″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Жиын барысында теолог-инспектор Бауыржан Жадрин мен әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре қазақ халқы ұстанатын Ислам дініне және қазіргі дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізге келуіне, таралуына жан-жақты тоқталып, оларды қабылдаған жастардың діни сауатсыздығы салдарынан қателіктерге бой алдыруы, ғаламтор арқылы әртүрлі діни ұйымдардың теріс уағыздарды тарататындығы туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ, ауданымыздың бас имамы Ринат Ташенов діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін ең біріншіден үйдегі ата-ана тәрбиесінің маңыздылығын айтып өтті. Ең алғаш баланың сана-сезіміне бұл дерт кірмес бұрын, оны үнемі бақылауда ұстау қажет екендігі, мектеп қабырғасындағы оқу үлгерімі, қоршаған ортадағы достары, әлеуметтік желідегі ақпараттары барлығын қадағалауда ұстаса мұндай келеңсіздіктер орын алмайтынын ескертті. Жалпы, бұл дерт бүкіл әлемге қауіп төндіретіндіктен дін жолына түскен адамның білімін қадағалап, бақылауда ұстау міндет екенін жеткізді.

Сонымен қатар, жиында Сирия елінен құтқарылып, Қазақстан жеріне алып келінген 47 адам жайлы бейнеролик көрсетіліп, қатысшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, осы тақырып аясында кеңінен пікір алмасты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях