Екі полицейдің басы кесілгені туралы ақпарат жалған болып шықты  

Екі полицейдің басы кесілгені туралы ақпарат жалған болып шықты   

6 қаңтарда Алматыда басы кесілген екі полиция қызметкерінің мүрдесі табылды деген ақпарат тараған. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов қаңтар оқиғасы кезінде екі полицейдің басы кесілгенін растамады, деп хабарлайды Naqty.kz  желілік басылымы  Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Facebook желісінде Aslan Muhamedzhanov есімді қолданушы осы ақпараттың рас-өтрігін сұраған. Алматы қаласында жоқ, — деп жауап берді Рустам Әбдірахманов.

6 қаңтарда Алматы қаласының комендатурасы басы кесілген екі полицей туралы ақпарат таратқан.

«Қалада терроршылардың қолынан құқық қорғау органдарының 353 қызметкері зардап шегіп, 13 құқық қорғаушы қаза тапты. Олардың ішінде екеуінің мүрдесі басы кесілген күйінде табылды», — деп хабарлама таратқан.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях